Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:48

Шымкентте Lexus көлігіне жалған нөмір тағып алған депутат ұсталды

1
Фото: скриншот

Шымкентте Lexus көлігіне жалған нөмір тағып алған депутат ұсталды.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жол ережесін бұзған жүргізушінің видеосын жариялады. Оның айтуынша, көліктің рөлінде Түркістан облысындағы аудандық мәслихат депутаты отырған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, депутат бірден алты құқықбұзушылық жасаған: жалған мемлекеттік нөмір қолданған, қарсы жолаққа шыққан, сақтандырусыз көлік жүргізген, қауіпсіздік белдігін тақпаған, тыйым салынған жерде артқа жүрген және қозғалысты бастарда белгі бермеген.


Lexus айыптұраққа қойылды. Депутатпен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, материалдар әкімшілік сотқа жолданды.

Тегтер: