Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:10

Шымкентте мектептерде жаппай кісі өлтіру туралы ақпарат тарады

Код
Фото: zhasalash.kz

Шымкент қаласында бірқатар мектептерде жаппай кісі өлтіру жасалуы мүмкін деген хабарламалар әлеуметтік желілер мен Telegram және WhatsApp мессенджерлеріндегі чаттарда тараған.

Қалалық полиция департаменті аталған «жоспарланған» қылмыстардың жалған ақпарат екенін мәлімдеп, тұрғындарды қауесетке сенбеуге және тексерілмеген мәліметті таратпауға шақырды.

Соған қарамастан, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын, жағдайдың толық бақылауда екенін атап өтті.

Полиция өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, мұндай сипаттағы қауіп-қатерлер өткен жылдың қараша айында да интернетте пайда болған. Ол кезде Ақтаудағы мектептерге шабуыл дайындалып жатыр деген ақпарат расталмаған еді.

Тегтер: