Бүгін, 12:00
Шымкентте студент қызды өлтірген күдікті жауапкершіліктен құтылмайды
Шымкентте студент қызды өлтірді деп күдіктелген адам жауапкершіліктен қашпайды. Бұл туралы ІІМ бірінші вице-министрі Бауыржан Әленов хабарлады.
Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Келесі бір ай ішінде күдіктіге кешенді сараптама тағайындалады, оның ішінде ақыл-ес жағдайы тексеріледі.
Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданады және күдікті жауапкершілікке тартылады.