11:46, 16 Тамыз 2024
Шымкентте «жалған адвокат» 4 жылға сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге азғырған жалған адвокат 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ азамат қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп, күдіктінің туысын лауазымды тұлғаға пара беруге азғырғаны анықталған.
Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында «K» азамат 10 млн теңге көлемінде қаражат алу кезінде ұсталды, делінген хабарламада.