Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:15

Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты

1
Фото: скриншот видео

Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бастапқыда екі көлік соғысқан. Алайда жанжалға үшінші бір көліктегі адамдар араласып, дау жаппай төбелеске ұласқан. Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа шамамен 10 адам қатысқан.

Төбелес барысында бірнеше ер адам пышақ жарақатын алған. Екеуі ауруханаға жеткізілсе, бір жәбірленушінің денесінен көптеген пышақ жарақаттары анықталған. Сонымен қатар тағы бір ер адамды белгісіз адамдар күштеп қала сыртына алып кеткен. Кейін ол өлі күйінде табылған.

Полиция 40 жастағы ер адамның қаза табуына байланысты күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл іске департаменттің барлық күш-құралы жұмылдырылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: