Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:21

Шымкентте жол үстіндегі жанжал жаппай төбелеске ұласты

1
Фото: скриншот

Шымкентте жүргізушілер арасындағы келіспеушілік ашық төбелеске айналды. Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тараған видеодан белгілі болды.

 Кадрларда бірнеше ер адамның жолдың қақ ортасында бір-бірімен төбелесіп жатқанын көруге болады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық тұлға жедел түрде анықталып, ұсталған. Аталған дерек бойынша қоғамдық тәртіпті бұзу фактісімен «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жол қозғалысы бөлігінде орын алған жанжал төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, ұсталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Тегтер: