Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:10

Шымкенттегі өрттен бір әйел қаза болды

Өрт
Фото: ТЖМ

Шымкенттегі "Жайлау" ықшам ауданындағы жеке үйде болған өрт салдарынан 51 жастағы әйел мерт болып, оның ұлы мен келіні және немересі ауруханаға түсті.

Қалалық төтенше жағдайдар департаментінің дерегінше, 17 желтоқсан күні таңертең екі қабатты үйдің бірінші қабаты өртенген. Құтқарушылар бір сағатта өртті сөндіріп, үй ішінен өлген әйелді тапқан.

Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтып, тергеу амалдарына байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды деп хабарлады.

Түркістан облыстық мамандандырылған тергеу соты төрағасының бұрынғы әйелі. Өрт болған үйдің ауласынан керосин құйылған 5 литрлік екі пластмасса ыдыс және 10 литрлік канистр табылған.

Марқұмның жақындары оқиғаға байланысты қазір қандай да бір пікір бере алмайтынын айтты.

Тегтер: