Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 11 Маусым 2025

Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығындағы зорлық ісі: қызметкерлер сотталды

Науқас
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Сот процесі қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Шымкент қаласында Түркістан облысының психикалық денсаулық орталығында жұмыс істеген екі қызметкер — Даржанов пен Дүйсебаев пациенттерге сексуалдық зорлық көрсеткені үшін15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстың мән-жайы. Іс материалдарына сүйенсек, екі санитар-бақылаушыпсихиатриялық мекемедегі жас әйелдерді қорлап, оларға әсері күшті дәрілер беріп, бірнеше мәрте зорлық әрекеттерін жасаған. Жәбірленушілердің арасында шизофрениямен ауыратын 17 жастағы қыз да болған. Ол зорлықтан кейін жүкті болып, кейіннен медициналық аборт жасатқан. Бұл жайт мекеменің ішкі тексерісіне түрткі болып, іс сотқа жетті.

Сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ. Алайда тергеу барысында жәбірленушінің жүкті болып, кейін түсік жасағаны негізгі дәлел ретінде танылды. Биологиялық әке анықталмады, себебі сот-медициналық сараптамаларда нақты сәйкестік болмаған. Бірақ сот бұл деректі жыныстық қатынас фактісінің дәлелі ретінде қабылдады.

Сот үкімімен Даржанов пен Дүйсебаев 15 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясынақамалды. Олардың екеуі де мекемеде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген, жастары — 33 пен 43-тің арасында.

Сотталғандардың туыстары үкіммен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсірмек. Олардың айтуынша, істі жүргізу кезінде негізгі айғақтар ұсынылмаған, куәгерлердің пікірі ескерілмеген. Бұл қоғамда психикалық денсаулығы нашар жандардың құқығы қаншалықты қорғалғаны туралы сұрақтарды қайта көтеріп отыр.

Аталмыш оқиға психиатриялық мекемелердегі бақылау жүйесінің әлсіздігін және пациенттердің қауіпсіздігіне қатысты үлкен мәселелер барын айқын көрсетті. Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау мекемелері мұндай мекемелердегі тәртіп пен ішкі бақылауды қайта қарауға мәжбүр болып отыр. Енді қоғам да, билік те психикалық ауытқуы бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселесіне сергек қарауы тиіс.

Тегтер: