Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:45

Шымкенттегі университетте бюджет қаржысын жымқыру ісі сотқа өтті

1
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы университетке қатысты ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Күдікті ретінде университеттің бұрынғы бірінші проректоры, бірнеше департамент директорлары және мердігер ұйымдардың басшылары танылып отыр.

Тергеу барысында тауарлар шын мәнінде жеткізілмей, жалған мемлекеттік сатып алу келісімшарттары арқылы бюджет қаражаты қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған. Мәселен, нарықтағы бағасы шамамен 200 мың теңге тұратын креслолар құжат жүзінде 20 млн теңгеге сатып алынған болып көрсетілген.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал – 321 млн теңге. Оның 264 млн теңгесі ерікті түрде қайтарылған.

Соттың санкциясымен күдіктілердің 4 тұрғын үйіне, 1 автокөлігіне және 40 млн теңге көлеміндегі қаржысына тыйым салынды.

Қылмыстық іс материалдары сот қарауына жолданды.

Тегтер: