Шымкенттің бас сәулетшісі қамауға алынды

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікпен ұсталды.
Бұл істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (Антикор) тергеп жатыр.
Әбдешов аталған басқарманы биыл ақпан айында басқаруға кіріскен. Дәл сол уақытта қала әкімінің орынбасары қызметіне Руслан Берденов тағайындалған еді.
Қызығы, Әбдешовтің қамауға алынуы әкім орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша жүріп жатқан даулы сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл іс бойынша айыпталушы – Шымкент әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры Ернар Жиембай. Қазіргі таңда бұл компанияда аудит жүргізіліп жатыр.
Жақында сотта құрылыс басқармасының қызметкері Берденов бірнеше рет жиын өткізіп, Антикор мен Экономикалық тергеу департаменті (ДЭР) тарапынан тексерулер болатынын ескерткенін айтқан.
Аталған оқиғалардың бір-бірімен байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.