Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:39

Шыңжаңдағы қазақтарды босатуды талап еткен белсенділердің соты жабық өтіп жатыр

шыңжаң
Фото: скриншот

Қытай билігінің нотасы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл шара Алматы облысы Ұйғыр ауданында былтыр өткен наразылыққа байланысты болды.

Тіркелмеген «Атажұрт» партиясының белсенділері Әлімнұр Тұрғанбай пен басқа қатысушылар Шыңжаңдағы түзету лагерьлерінде қамалған қазақтарды босатуды талап еткен. Олар наразылық ретінде Қытай туы мен Си Цзиньпиннің суретін өртеген.

Сот процесі қазіргі уақытта жабық өтіп жатыр.

Әлімнұр Тұрғанбайдың отбасы
Фото: Жас Алаш

Айта кетейік, тамызда Қытай билігі шілденің соңында хабарсыз кеткен Әлімнұр Тұрғанбайдың ұсталғанын растады. Ресми жауапта Қытай тарапы Әлімнұр Тұрғанбайдың әлі де ҚХР азаматы екенін, елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін мәлімдеген. Қазақстанның Қытайдағы консулдығы таратқан ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың 11 тамызында Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы оны Қытай азаматтығынан шығуға рұқсат алмаған және автоматты түрде азаматтықтан айырылу шарттарына сай келмейтін деп таныған.

48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған. 23 шілдеде ол жүк көлігін айдап шекарадан өткен кезде Қытай шекарасында полиция ұстағаны туралы серіктері оның жұбайына хабарлаған. Сол күннен бері туыстары одан хабар ала алмай келген.