Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:16, 09 Қараша 2022

Шипажай қашан жаңарады?

None
None

Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Теріскей көлінің жағасында орналасқан Жаңақорған шипажайына келіп, ем алып, дертіне дауа тауып, алғысын айтып жатқандар қаншама.

Ертеректе шипажайдың ескі емдеу корпусында ем алушыларға балшықпен емдеу үшін төсекке арнаулы құралмен қоятын. Соңғы кездері жатақхана, асхана емдеу корпусы жаңа типпен өзгерді. Қара балшықпен емдеу корпусына таңғы 5.30-дан бастап қыз-жігіттер балшық тасиды. Соңғы кездері шелектің де саны азайып барады. Шипажайда балшықпен емдеуге арналған 15 кабина бар. Оның жарты кабинасы әйелдерге тиесілі. Енді сол әйелдерге қызметті әйел мамандары көрсетсе деген ұсыныс шипажай басшылығына айтылған еді. Бірақ орындалмай жүр. Тыржалаңаш аналарға ер адамдар қызмет көрсетеді. Ұяттан жұрдай. Бәрімізде анадан жаралдық қой. Емге келгендер біреуі – анаң, біреуі – жеңгең, біреуі – қарындасың болып келеді. Техниканың жаңарған заманы ғой. Балшықты темір трубамен әкелдіріп, төсекке арнаулы құрал қойса. Енді біреуі жатып алады, біреуі отырып алады. Шипажайдағы мәдени шаралар да көңіл көншітпейді. Кітапханада аудандық газеттен басқа республикалық газет-журналдар атымен жоқ. Ақын-жазушылардың кітаптары саусақпен санарлық. Кітапханашы маманы атымен жоқ. Есікті музыка саласының маманы ашады. Ем алушыларды киелі орындарға арнаулы көлікпен тегін апарып, таныстырып отыратын арнаулы қызметкер болса. Ем алушылардың көңілін көтеру үшін жан-жақтан өнер адамдарын шақырса, Жаңақорған жаңармай ма?!

Тегтер: