Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:39, 11 Шілде 2024

ШЫҰ елдеріне ортақ энергетикалық жобалар бекітілді

а
Фото: gov.kz

3-4 шілдеде Қазақстан астанасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитінде 2030 жылға дейін энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы бекітілді.

Стратегия тараптардың ынтымақтастығын тереңдету және келесі негізгі бағыттар бойынша жобаларды іске асыруда тәжірибе алмасуды көздейді: мұнай-газ саласы, электр энергетикасы, жаңартылатын және төмен көміртекті энергия көздері, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалану, көмір өнеркәсібі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

Құжатта ШЫҰ елдері мұнай мен газға ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету мүмкіндігіне негізделетіндігі атап өтілген. Бұл ретте мемлекет аумағында өндірілген мұнай мен газ ресурстарын бірінші кезекте пайдалану қарастырылған.

Сонымен қатар, стратегия транзиттік әлеуетті дамыту, экспорттық маршруттарды әртараптандыру мүмкіндігін қарастыру, мұнай-газ көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға жәрдемдесуді көздейді, делінген хабарламада.