Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:36, 08 Сәуір 2025

Ішкі істер министрлігі шет елдегі соғысқа байланысты ескерту жариялады

Украина
Фото: из открытых источников

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысқан азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ресми ескерту жасады.

 Бұл мәлімдеме украиналық блогер Владимир Золкин жариялаған бейнежазбадан кейін тарады. Видеода өзін Қазақстан азаматы ретінде таныстырған үш ер адам Украинаның Донецк облысындағы әскери әрекеттер кезінде тұтқынға түскені айтылады.

Қазақстан заңы не дейді?

ІІМ мәлімдегендей, ҚР Қылмыстық кодексінде екі нақты бап бар:

  • 170-бап – «Жалдамалылық»: өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады;

  • 172-бап – «Шет мемлекеттегі қарулы қақтығыстарға қатысу»: 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мұндай қатаң жаза Қазақстанның бейтарап және көпвекторлы сыртқы саясатына сәйкес қабылданған. Ел билігі өз азаматтарының басқа мемлекеттің әскери құрамына қосылуын халықаралық құқық пен ұлттық қауіпсіздікке қайшы деп есептейді.

Украиналық Золкиннің YouTube арнасында жарияланған видеода үш ер адам сөйлейді. Олардың екеуі – өздерін Қазақстан азаматы деп таныстырса, үшіншісі – Қазақстанмен шекаралас Ресей облысынан шыққан этникалық қазақ. Бірі «Ресей азаматтығына уәде берілген соң келісімшартқа отырғанын», бірақ кейін ешқандай құжат алмағанын, екіншісі Торецк қаласындағы ұрыстар кезінде тұтқынға түскенін айтады.

Украиналық «Хочу жить» жобасы Ресей жағында соғысқан немесе соғысып жатқан Қазақстан азаматтарының тізімін жария етті. Онда 661 адам тіркелген. 2024 жылдың соңында кемінде 78 адам қайтыс болғаны хабарланды.

Тегтер: