Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:39

ШҚО әкімі орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу басталды

Жақсылық Омар
Фото: ашық дереккөз

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысының бірінші әкімі орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот алдындағы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта сот алдындағы тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жақсылық Омардың не үшін ұсталғаны әзірге белгісіз. Алайда былтыр 1 қыркүйекте Өскемендегі Шнайдер көпірі құлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды, өйткені көпір 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың наурызына дейін күрделі жөндеуден өткен еді. Жөндеуге бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Көп өтпей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитовның қамауға алынды.

Шнайдер көпірінің апаты бола сала БАҚ беттерінде бұрынғы қала әкімі, қазіргі облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың 2 жыл бұрын көпірді жөндеу жұмыстары кезінде алдында тұрып сөйлеген сөзі шыға бастады. Видеода ол көпір жұмыстары қашан аяқталатынын алға тартып, барлығы өзінің бақылауында екенін көрсетеді. Алайда Ж.Омар жарнамалаған көпір көп өтпей құлап, ол тағы да жұрттың сынына қалды.