ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омар пара алғанын мойындады
Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті.
Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр.
Бұрынғы шенеунікке алаяқтық және пара алу баптары бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол мемлекеттік мекеме балансындағы автокөлікті сатудан түскен қаражатты жымқыруға қатысы болуы мүмкін. Сонымен қатар, айыптау тарапы Ж. Омардың кәсіпкерден бірнеше миллион теңге көлемінде пара алғанын алға тартады.
Сот отырысы барысында айыпталушы өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ақпан айының басында ол қала әкімінің орынбасары А. Мәулетхановтан 6 миллион теңге алған.
— Ақпан айының басында мен қала әкімінің орынбасары А. Мәулетхановтан 6 миллион теңге алдым. Негізі 20 миллион теңге беруі керек еді, бірақ бөліп-бөліп беретінін айтты. Мен келістім. Істеген ісіме өкінемін, - деді Жақсылық Омар сотта.
Қазіргі уақытта іс қаралу үстінде.
Айта кетейік, бұған дейін 18 ақпанда ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаған еді. 2025 жылғы 13 сәуірде оның ұсталғаны туралы ақпарат тараған.
Ал 2025 жылғы 7 сәуірде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жақсылық Омарды облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындаған болатын.