ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы ұсталды

Антикор жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталғанын мәлімдеді.
2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы әшкереленді.
Ақшалай қаражат жоғарыда аталған автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді. Лауазымды тұлға мен кәсіпкерлік субъектісі ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатқаны айтылды.