Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:55, 30 Қаңтар 2026

ШҚО-да екі шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды

шенеунік
Фото: из открытых источников

Шығыс Қазақстанда Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.

Полиция мәліметінше, ол жол құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге заңсыз сыйақы алған. Оның тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген.

Сонымен қатар білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы да қылмыстық іс аясында жауапқа тартылды. Ол мұғалімдердің аттестаттаудан өтуіне көмектескені үшін ақша алған деп айыпталып жатыр.

Тегтер: