Бүгін, 09:00
ШҚО-да кәсіпкер 1 млрд теңгеге жуық пайдалы қазбаны заңсыз өндіріп, Қытайға өткізген
Шемонаиха ауданының «Глинковское» кен орнында компанияға тек геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілген.
Дегенмен, іс жүзінде темір құрамды тау жынысын өндіру, қайта өңдеу, жинақтау және Қытайға өткізу іске асырылған.
Күдіктілер заңсыз алынған пайдаға бірнеше мүлік, автокөлік, автотұрақ және жер телімдерін сатып алған. Заңсыз өндірілген өнім көлемі 70 мың тоннаны құраған.
Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.