Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:07, 21 Қазан 2024

ШҚО-да Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды

ы
Фото: ҚР Үкіметі
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды. Көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.

Көпірдің ұзындығы 1316 метр. Тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылған.

Премьер-министр Бектенов ірі жобаларды жүзеге асыру барысында отандық мамандар мен мердігер компанияларды тартуға ерекше назар аударылатынына тоқталды.

Әрі жұмыс беріп әрі инфрақұрылымдық байланыс пен дамуды қамтамасыз ететін мегажобалар көп болуы керек. Сырттан ешкімді тартпай-ақ, біздің өз құзыретіміз де жеткілікті. Осындай республикалық маңызы бар ірі жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз, — деді.