16:23, 17 Шілде 2024
Шодиев пен Машкевич ERG директорлар кеңесінен кетті
Патох Шодиев пен Александр Машкевич Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінен кетеді. Бұл туралы 17 шілдеде ERG баспасөз қызметі хабарлады.
Ал, 2021 жылдан бастап компанияның басқарма мүшесі болған Шухрат Әлиджанұлы Ибрагимов Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Сонымен қатар:
- Патох Каюмов Шодиев орнына Сабир Патохович Шодиев келеді,
- Александр Антон Машкевичтің орнын Эдуард Юрьевич Сурлевич ауыстырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Қаржы министрі Мәди Тәкиев директорлар кеңесінің мүшелері болып қалды.
Директорлар кеңесіндегі кадрлық өзгерістер жаһандық сын-қатерлер мен серпінді өзгеретін нарықтар жағдайында компанияны одан әрі дамыту мен нығайтуға бағытталған, деп түсіндірді ERG баспасөз қызметі.