Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:05, 06 Тамыз 2020

Шөкеевтің шарасыздығы, Қалқамановтың қауқарсыздығы-ай!

Түркістанныңбілім саласындағы жемқорлықпен күрес көзбояушылық

Осыдан біржарым жыл бұрын президенттік міндетіне кірісіп, ең алғашқы сапарын Түркістаннанбастаған Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті қаланың төрінде тұрып, әділетті қоғамтуралы әңгіме қозғағанда елдің «бәрекелді» айтқаны рас.

Алайда Түркістанда әділдіктуралы әңгіме айтуға әлі ерте сияқты.   

Кентау қаласына қарасты Шаға ауылындағы Вахидоватындағы мектепте болған жағдай туралы «Жас Алаш» осымен үшінші мәрте жазыпотыр. Бір тақырыпты қайта-қайта қаузағымыз келген жоқ еді. Бірақ оғанқалыптасқан жағдай мәжбүрлеп отыр. Оқырманға түсінікті болу үшін өткен-кеткеноқиғаларға қысқаша түсінік бере кетсек.

Былтыр желтоқсанның басында жоғарыда аталғанмектептің директоры Меринса Изатуллаева мұғалімдерден «қаржы бақылаубасқармасының тексерушілеріне береміз» деген сылтаумен ақша жинайды. Мұндайалым-салыққа бұрыннан жаны қас мектеп мұғалімі Сайдакбар Рахметов алғашқыдасұраған ақшаны бермеген. Тіпті денсаулығына байланысты алым-салықтан босатудыалға тартып, директордың алдына да кірген. Бірақ М.Изатуллаева айтқанынқайтпай, «айттым, бітті» деген сыңай білдірген соң, Рахметов  Түркістан қаласындағы  облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдепартаментіне арызданады. 6 желтоқсанда М.Изатуллаева  С.Рахметовтен 5000 теңгені қолма-қол алубарысында ұсталады. Алайда жұма күні ұсталды деген директор дүйсенбіде жұмысқақайта шыққанда ел аң-таң болған.  

Алғашқыда «пара алу» дерегі бойынша тіркелген қылмыстықіс кейін «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» бабына қайта дәрежеленеді.Тергеу барысында  Изатуллаева Рахметовтенақшаны СЭС-тің мектепке салып кеткен айыппұлынан құтылу үшін алғанынмойындаған. Тергеуші Данияр Жұматаев айыпталушының ақылға қонымсыз осындайуәжіне сене салған сияқты. Қандай жағдайдың сеп болғаны белгісіз, жемқорлықпенымырасыз күресетін органның қызметкерлері Изатуллаеваға қатысты істі сиырқұйымшақтатып,нақты айғақпен ұсталған директорды ақыр аяғында қылмыстық жауапкершіліктенбосатып жіберген. Бізге белгілісі – тергеу барысында айыпталушы қызметіненшеттетілмеген. С.Рахметовтің айтуынша, дәл осы жағдай Изатуллаеваның қылмыстықжазадан құтылып кетуіне әсер еткен сияқты. Себебі төбесінен төніп тұрғанбастығына қарсы кім куәлік бере  қойсын?Бірақ антикор  Изатуллаеваның тәртіптікісін қарау жөнінде Кентау қалалық білім бөліміне ұсыныс береді. ТергеушіЖұматаевтың ұсынысында Изатуллаеваның қызметінен босатылуы тиістігі тайға таңбабасқандай жазылған.

Вахидов мектебінің ұстаздары «Жас Алашқа»арызданып, газетке алғашқы мақала шыққан кезде Кентау қалалық білімбөліміндегілер Изатуллаеваға қатысты соттың айыптау актісі болмаса, қызметіненбосата алмайтындарын айтқан болатын. Дегенмен  наурызда бөлім басшысы Изатуллаеваны атқарыпотырған лауазымынан босату жөнінде бұйрық шығарады. Осымен іске нүкте қойылғансияқты еді.

«Жаңа оқу жылын жаңа директормен бастаймыз» депжүрген Вахидов атындағы мектептің ұстаздары осы аптада «Жас Алаштың»редакциясына хабарласып, Изатуллаеваның қызметінен кетпегенін, оның мектепдиректоры қызметін жалғастырып жатқанын хабарлады. Кімнің кіммен жасырынбақойнап жүргенін өзіміз де түсінбей қалдық.

– Алғашқыда бұған өзіміз де сенген жоқпыз. Бірақмектептің табалдырығын биыл аттайтын оқушылардың ата-аналарынан алынатынөтініштердің бәрі Изатуллаеваның атына жазылып жатты. Мектепке барған кездедиректордың өз орнында отырғанын көргенде, оның қызметінен босатылмағанына ешқандайкүмәніміз қалған жоқ. Бұл жаңалықты естіген ауылдағы жұртшылықтың бәрі аң-таңболып жатыр, – деді ұстаздардың бірі.

Соңғы кездері басшы тұрақтамай жүрген Кентауқалалық білім бөлімінің жетекшісі Баянғали Жұмабаев та Изатуллаеваныңқызметінен кетпегенін растады. Оның айтуынша, директорды қызметінен алу жөніндебұйрық шықан. Алайда Изатуллаева онымен келіспей, облыстық еңбек инспекциясыбасқармасына шағымданған. Шағымданушының арызын қараған инспекторлар директордықызметіне қайта орналастыру жөнінде нұсқама берген. Білім бөлімінің нұсқаманыорындамасқа амалы қалмаған.

Жоғарыда аталған басқарманың еңбек инспекторы Қ.Асылбековтіңберген нұсқамасымен танысып шықтық. Онда  Изатуллаеваның қылмысын дәлелдейтін заңды күшінеенген сот шешімінің жоқтығы, оның бұған дейін ешқандай тәртіптік жазаалмағанына байланысты бірден қызметінен босату заңға қайшы келетіні, сондықтандиректорға қатысты бұйрықтың күшін жою қажеттігі көрсетілген.

 – Изатуллаеваныңқызметінен кетпегенін естігенде төбемнен жай түскендей болды. Енді ертең мектепкене барарымды, не бармасымды білмей отырмын. Барғанда әріптестерімнің бетінеқалай қараймын?  Бұл оқиғаның соңы менүшін осындай трагедияға айналғанына әлі сене алмай тұрмын, – деді кешегі күнібіз хабарласқан Вахидов мектебінің мұғалімі, Изатуллаеваның үстінен антикорғаарызданған Сайдакбар Рахметов. Ол  арызданған кезде Изатуллаеваны соттатыпжіберуді мақсат тұтпағанын, себебі оның әйел адам екенін, бала-шағасының барын,бар ойы тек ақша жинауды әдетке айналдырған басшының әрекетіне тосқауыл қоюды ниететкенін алға тартты. 

– Мен ақша сұраған Изатуллаеваға кіріп, мән-жайдытүсіндірдім. Алайда ол түсінгісі келмеді. Ақшаны «қаржы бақылау басқармасынанкелген комиссияға береміз» деді. Кейіннен тергеу барысында «ақшаны СЭС-тіңсалып кеткен айыппұлын төлеу үшін сұрадым» депті. Ақылға қонбайтын осындайсөзге тергеуші Жұматаевтың қалайша сенгеніне таңмын. Мінекей, ақыр аяғындаәділдік іздеп барған антикор мені жас балаша алдап, жерге қаратып кетті, – дедіС.Рахметов. 

Рахметовтің айтуынша, Изатуллаева наурызда босатылғанымен,қызметінен кетпеген. Тіпті директорлықтан босату жөніндегі бұйрық ұжымғажарияланбай, жасырылған. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал шиеленісіп тұрғанкезде не Кентау қалалық білім бөлімінен, не облыстық білім басқармасынан бірадам келіп мән-жайды түсіндірмеген. Ал облыстық білім басқармасы басшысыныңорынбасары Ардақ Садықова Рахметов пен Изатуллаеваны кабинетіне шақырып алып, Рахметовтіңсағаттарын көбейтіп беру жөнінде директорға тапсырма беріп, екеуінтатуластырмақ болған.  Қазіргі уақыттаұжымдағы алпыс шақты қызметкердің тең жартысы Рахметовті қолдаса, жартысы (оныңбасым бөлігі директордың туыстары, жегжаттары көрінеді)  Изатуллаеваның жағында жүргенге ұқсайды.Қысқасы, ұжым екіге жарылған, берекесі кеткен. Айтпақшы, Изатуллаеваның Вахидоватындағы мектепті жекешелендіріп алғандай директорлық қызметті соңғы жиырмажылда атқарып келгені, ешқандай ротацияға түспегені де түсініксіз күйде қалып тұр. 

Ал Изатуллаеваның қылмыстық ісін жүргізген тергеушініңәрекеті тіптен түсініксіз.  «АқшаныСЭС-тің салып кеткен айыппұлын төлеу үшін алдым» деп, кінәсін мойындағандиректордың ісін не «алаяқтық», не «қызмет бабын теріс пайдалану» бабы бойыншасотқа дейін жеткізуге не кедергі болды? Тергеушінің соттың айыптау үкімі болмайынша, Изатуллаеваның қызметіненбосатылмайтынын білмей қалуы мүмкін бе? Мұның артында күдікті, күмәнді жайттаржатқан жоқ па?  

Әділетсіздіктен әділетсіздік туады. Күні кеше дәлосы Кентау қаласына қарасты қазақ-өзбек ұлтының өкілдері араласа қоныстанған Шорнақауылында жастар арасындағы бұзақылықтың соңы ұлтаралық жанжалға ұласа жаздады.Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен бастап, ауыл әкіміне дейінгі шенеуніктің бәрібірнеше күн бойы Шорнақтан шықпай, елді сабырға шақырды. Орын алуы мүмкінзаңсыздықтардың алдын алды. Өкініштісі, біздің атқамінерлер сыбайлас жемқорлық орын алған кезде дәл осылайшапқыламайды. Өткен оқиғалардан сабақ алуды, оның қайталануына жол бермеудібілмейді.

Мұны айтып отырған себебіміз дәл осы Шаға ауылдықокругіндегі мектептерде директордың мұғалімдерден ақша жинап ұсталуы соңғыекі-үш жылда осымен екінші мәрте кездесіп отыр. Аталған округке қарасты Ынтымақауылындағы Молда Мұса атындағы мектептің мұғалімі, білім саласындағы жемқорлыққақарсы күресіп жүрген ұстаз Света Ысқақованың айтуынша, 2016 жылы аталғанмектептің директоры ұстаздардан ақша жинау барысында ұсталып, сотталған. (Сотүкіміне қарағанда, директор ұстаздардың әрқайсысынан 30 мың теңгеден жинауғатапсырма беріп, жалпы 80 мың теңге ақша алды деген күдікпен құрықталған. Сотоны  кінәлі деп тауып, 2 миллион теңгеденастам айыппұл салу жазасына кескен).

–      Содан бергі аралықта мектеп басшылары ақша жинау кезіндемені айналып өтетін болды. Бірақ одан білім саласындағы ақша жинау тоқтамады.Облыста ұстаздардан комиссияға, басқа да шараларға ақша жинауға тыйым салатынжүйе әлі қолданысқа енген жоқ. Мұғалімдер сол баяғыша өз қалталарынан ақшашығарып, сынып бөлмелерін өздері жөндейді. Міне, дәл бүгін өзіме бекітілгенсыныптың еденіне өз қаржыма бояу алып, сырлап жатырмын, – деген С.Ысқақовабізге дәлел ретінде фото да жіберді.

Мектептегі қамқоршылық кеңестерден де қайран жоқ.Бәрі көзбояушылық. Директор кеңесті өзінің сөзін сөйлейтін ата-аналарданқұрады. Олар сол директордың шашбауын көтеріп, айтқанынан шықпайды. Мектепкемамандарды парамен қабылдау да тыйылмаған. Соңғы уақытта облыста мұғалімдер ментехникалық қызметкерлерді арнайы портал арқылы қабылдау жүйесі қолданысқаенген. Біз сөйлескен ұстаздың айтуынша, бұл жүйе де жемқорлықты жоя алмаған.  Директорлар жұмысқа тұрғысы келетіндерменалдын ала келісіп, өздерінің үйреншікті әрекетін жалғастырып жатыр.

Былтыр елордада орталық коммуникациялар қызметіндеөткен брифингте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы жүйенің республикада алғаш  Түркістанда жүзеге асқанын алға тартып, «ақшаберіп жұмысқа тұру деген сұмдықты цифрландырудың арқасында түп-тамырыменжойдық» дегені есте қалыпты. Облыс әкімі тіпті жұмысқа парамен қабылдауды алыпқаштыәңгімеге балаған болатын. Алайда Шөкеевтің бұл сөзімен көпшілік сол кезде-ақкеліскен жоқ. Мұндай ертегінің авторы облыс әкімінің білім саласына жауапты орынбасары Сәкен Қалқаманов болуыәбден мүмкін.

Алайда шынайы жағдайды Шөкеевтен немесеҚалқамановтан емес, қарапайым мұғалімдерден сұрау қажет. Әзірге оңтүстіктіңбілім саласындағы коррупциялық ахуал «еден жуушыны жұмысқа парамен қабылдайтынбірден-бір облыс» немесе «сұраса бере бер, жұмсаса бара бер» дегентаным-түсініктен арылмай тұр. Мұндай түсініктен арылтуға Шөкеев шарасыз,Қалқаманов қауқарсыз сияқты. Қалқамановтың білім саласына тісі батпайды десек,қатты айтқандық емес шығар. Әлеуметпен әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылыжүздескенді жақсы көретін әкім орынбасарының былтыр Арыстағы жарылыстыңсалдарын жою бойынша, биыл коронавирусқа, Мақтааралдағы су тасқынына қарсы атқарылыпжатқан жұмыстарды жарнамалаудан қолы тимегенге ұқсайды. Сонда Қалқамановтыңбетін  мұғалімнің басындағы проблемағабұру үшін білім саласында бомба жарылуы тиіс пе? 

Соңғы кездері әлеуметтік желіде  «ақшадан өзгені ойламайтыны көзінен де,сөзінен де көрініп тұратыны» жазылып жүрген Түркістанның«бас идеологы» мектептерде ақша жинаудың не себепті тоқтамайтынына, ақшажинаған директордың қызметінен неге кетпегеніне, ұстаздардың мектептегі жөндеужұмыстарын неге өз қаражатымен жүргізіп жатқанына қатысты не айтар екен?

БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістаноблысы

Тегтер: