13:13, 15 Қыркүйек 2021
Шолпан Каринова білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Білім және ғылым бірінші вице-министрі болып Шолпан Каринова тағайындалды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Үкімет қаулысы бойынша, Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасы білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", — делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында.
Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастады. 1998-1999 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1999-2000 жылдары — орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.