Шольц неміс компанияларын Украинаға инвестиция салуға шақырды
Берлинде Германия-Украина экономикалық форумында Германия канцлері Олаф Шольц неміс компанияларын Украинаға көбірек инвестиция салуға шақырды.
«Егер сіз бүгін және алдағы жылдары Украинаға инвестиция салсаңыз, сіз ЕуроОдақтың болашақ мүшесіне инвестиция саласыз», - деді Шольц.
Канцлердің айтуынша, Еуропа соғыстан кейін Украинаның экономикалық өсімі мен даму мүмкіндіктерін көреді. Неміс экономикасы осы табыс тарихында үлкен рөл атқарды және одан пайда көрді, деп жалғастырды Шольц.
Оның айтуынша, Украинада жалпы 2 мыңға жуық неміс компаниясы жұмыс істейді.
«Олардың көпшілігі қосымша инвестиция салуды жоспарлап отыр», - деді Шольц.
Канцлер Украинаның ЕО-ға кіруі үшін әлі көп жұмыс істеу керек екенін атап өтті. Дегенмен, бұл процесс «Украинаның мәдени және саяси жағынан Еуропаға тиесілі екеніне ғана емес, сонымен бірге ЕуроОдаққа мүше мемлекет болатынына – одан туындайтын барлық құқықтар мен міндеттерге сенімділік береді».
Шольц: Украина босқындарға Германияда жұмыс табуға көмектескісі келеді
Киев билігі украин босқындарына Германияда жұмыс табуға көмектескісі келеді. Бұл туралы 4 желтоқсанда Германия канцлері Олаф Шольц мәлімдеді, деп жазады Reuters.
Шольцтың айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский босқындарға жұмыс табуға немесе отанына оралуға көмектесу үшін Германия мен Польшада украиндық органдар құруға ниетті екенін айтқан.
«Біз бұл бағытта ынтымақтаса аламыз», - деді Германия кабинетінің басшысы бундестаг депутаттарының сұрақтарына жауап бере отырып.
Германия канцлері 2 желтоқсанда Украинаға барып, Зеленскиймен кездесу өткізді.
Reuters атап өткендей, Германиядағы миллионнан астам босқынның көпшілігі елде жұмыс таппаған. Сонымен бірге Киев билігі әскери қызметке жарамды ер-азаматтарды отанына қайтаруға мүдделі.