Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:57, 04 Қаңтар 2021

ШҚО-да аязда қалып қойған 15 жүргізуші құтқарылды

None
None

ШҚО-да көлігінде жанармайы қатып қалған 15 жүргізуші құтқарылды. Бұл туралы ШҚО ТЖД хабарлады.

Жүргізушілер Павлодар облысына қарай бағыт алған. Shacman маркалы жеті көліктің дизель отыны суықтан қатып қалған, 15 адам аязда қозғала алмаған.

«Олар Курчатов қаласының құтқарушыларына сағат 02.10 минутта хабарласқан. Құтқарушылар келіп, 15 азаматты жылыну пунктіне жеткізді. Жергілікті атқарушы органдар тамақ әкелді», — деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Тегтер: