Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:24, 30 Қаңтар 2023

ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты

None
None

Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16%-ға артты, деп хабарлайды Жас Алаш ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бойынша биылғы жылыту маусымы басталғалы бері жеке тұрғын үй секторында 181 өрт шыққан. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ға аз.

«Алайда тілсіз жаудан адам өлімі 16%-ға артып отыр. 50% жағдайда қаза болғандар алкогольді ішімдік ішіп, өрт шыққанда сыртқа шығып үлгермеген. Абырой болғанда, өрттен бала өлімі болған жоқ», — делінген ақпаратта.

Көміртегі тотығынан уланғандар саны 37%-ға өсті. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері — пеш пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, пештегі жарықтар және бітелген мұржа.

«Өрттің алдын алу үшін ТЖД мамандары жеке тұрғын үй секторында рейд жүргізіп, 160 000-нан астам ауланы аралап шықты. Нәтижесінде, 40 012 үйде 42 820 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Бұзушылықтардың көбісі жылыту жүйелерін, электр желілері мен электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбауға байланысты», — делінген хабарламада.

Тегтер: