ШҚО-да Ленин ескерткішін жөндеуге ақша бөлген Алтай ауданының әкімі өз еркімен қызметінен кетті
Ернар Мұстафин бұл туралы instagram парақшасында да жазды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин өз еркімен қызметінен кетті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиевтың айтуынша, аймақ басшысы Ермек Көшербаев бұл өтінішке қол қойды. Енді оның орнына Алтай ауданы әкімінің міндетін Ренат Құрмамбаев атқарады.
Ернар Мұстафин бұл туралы instagram парақшасында да жазды.
Алтай өңірінің әкімі ретіндегі жұмысымды аяқтап жатырмын. Аймақтағы қордаланған мәселелердің кейбірі шешілді, бірақ басқаларын шешу үшін біраз уақыт қажет. Ардагерлер кеңесіне, ақсақалдарға, депутаттарға, БАҚ өкілдеріне, кәсіпкерлерге, әріптестерге және барша тұрғындарға қолдау білдіріп, түсіністік танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Облыс тұрғындарының игілігі үшін идеялар мен жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруларыңызға шын жүректен тілектеспін", — деп жазды ол.
Айта кетейік, мамыр айында Алтай қаласының орталығында орналасқан Лениннің ескерткішін жөндеуге аудан әкімдігінен 1 млн 400 мың қаражат бөлінген.