08:51, 12 Тамыз 2022
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел – алдын алу іс шаралары нәтижесінде «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» шатырын күрделі жөндеуден өткізу барысында бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді бастады.
Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалардың 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында орындаған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.