Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:48, 11 Шілде 2022

ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген мигранттар елден шығарылды

None
None

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеген 5 шетелдік ел аумағынан шығарылды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары ел аумағына келген шетелдік азаматтардың мекенжайларын, оларды қабылдаушы адамдардың тиісті органдарға хабарлап отыруларын тұрақты түрде тексеруде.

«Соның нәтижесінде, уәкілетті органның рұқсатынсыз өңірде жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 5 азаматы анықталды. Олар сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес енді аталған шетелдіктерге елге кіруге 5 жыл бойына тыйым салынды», — деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Максим Пупков.

Сондай-ақ шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті материалдар Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды. Осы ретте, көші-қон қызметі аймақ жұртшылығына уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарды жұмысқа алуға тыйым салынғанын ескертеді.

Тегтер: