Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Щучинскіде мейрамханада жарылыс болды: 6 адам қаза тапты

өрт
Фото: из открытых источников

Щучинск қаласында тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан мейрамханада газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шықты.

Хабарлама түскеннен кейін небәрі 5 минут ішінде оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жеткен. Құтқарушылар ғимарат ішінен 8 газ баллонын сыртқа шығарып, 10-нан астам адамды эвакуациялады.

Алдын ала дерек бойынша, шамамен 20 адам жарақат алған, 6 адам көз жұмған. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндіріліп, үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жарылыстың нақты себебі анықталу үстінде.

Тегтер: