Щучинскідегі қайғылы оқиға: «Центр плова» кафесінің иесі екі айға қамауға алынды
Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесінде болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу барысы Қазақстан Бас прокуратурасының бақылауында.
Кафеде болған өрт фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу жағдайын қарастырады.
Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, 2026 жылғы 4 наурызда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты «Центр плова» кафесінің иесін екі айға қамауға алу туралы санкция берген.
Айта кетейік, Щучинскідегі кафеде газ жарылысы салдарынан 9 адам қаза тапқан. Сондай-ақ бірнеше адам түрлі жарақат алған.
Бұған дейін зардап шеккен алты адам Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілетіні хабарланған болатын. Кейін дәрігерлер олардың жағдайы туралы ақпарат берген.
Газ жарылысынан кейін болған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кафе иесі ұсталған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.