Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:10

Щучинскідегі жарылыс: екі адамның жағдайы өте ауыр

Шучинск
Фото: скриншот

Щучинскіде болған жарылыс пен өрттен кейін 13 адам ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында жатыр.

 Щучинск аудандық ауруханасында төрт науқас жансақтау бөлімінде, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Олардың екеуінің жағдайы аса ауыр деп бағаланды.

Тағы төрт адам Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп отыр.

Сонымен қатар бес зардап шегуші қосымша медициналық көмек көрсету үшін Астанаға жеткізілді.

Еске салайық, газ жарылысы салдарынан өрт шыққан. Барлығы 28 адам зардап шекті. 5 адам оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта 13 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр.