Бүгін, 11:01
Щучинскідегі жарылыс: қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден берілді
Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында болған газ жарылысынан кейін зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасып жатыр.
Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше:
▪️ Қаза тапқан 6 отбасыға бюджет есебінен 2 млн теңгеден төленді
▪️ Тағы 2 млн теңгеден дәмхана иесі аударды
Осылайша, әрбір отбасыға жалпы 4 млн теңгеден берілді.
Қосымша көмек шаралары:
▪️ 5 отбасының несиелері демеушілер есебінен өтеледі
▪️ Зардап шеккендерге әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
Еске салайық, газ жарылысы салдарынан өрт шыққан. Барлығы 28 адам зардап шекті. 5 адам оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта 13 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр.