Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:15

Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті

Шучинск
Фото: скриншот

«Палау орталығы» кафесінде болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті. 

Кейінгі  тәулікте ауруханада тағы екі адам көз жұмды.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек тағы екі науқастың қайтыс болғанын ресми түрде растады. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Бірінші науқас кеше қайтыс болды. Оның денесінің 70 пайыздан астамын күйік шалғаны анықталған.

Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы

Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде тағы алты адам ем қабылдап жатыр:

– 2 науқас Щучинск аудандық ауруханасында ауыр жағдайда.

– 4 науқас көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстырылған, олардың бірі — әйел адам — жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Тергеу барысы

Медициналық мәліметтермен қатар тергеудің алғашқы нәтижелері де белгілі болды. Бүгін, 3 наурызда, құқық қорғау органдары «Палау орталығы» кафесінің иесін ұстады. Оған қатысты өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.