Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 20 Шілде 2023

Швейцария-Қазақстан: қылмыстық жолмен тартылған қаржы қайта ма?

None
None

Жақында Астана қаласына ресми жұмыс сапарымен Швейцария Конфедерациясының федералдық кеңесшісі, Сыртқы істер департаментінің басшысы Иньяцио Кассис келді.

Қонақты ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу күтіп алды.

Кездесу барысында екі ел арасындағы Қазақстан-Швейцария қатынастарының қарқынды дамуын құптай келе, тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық және туристік салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму көкжиектерін, көпжақты өзара іс-қимылды және халықаралық мәселелер жайын талқылады.

Тараптар өзара іс-қимылды нығайтуға, оның ішінде тұрақты саяси диалогты қолдау, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолында бір мүддеге сүйенетінін айтты.

Екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 1,4 миллиард долларға жеткенін атап айтты.

Швейцария тікелей инвестициялар түрінде жинақталған капитал салымдарының көлемі 31 миллиард доллардан асатын Қазақстан экономикасындағы ірі үш шетелдік инвесторлардың қатарына кіреді. Қазақстанда швейцариялық капиталдың қатысуымен 300-ден астам компания тіркелген. Атап айтқанда, тараптар өткен жылы қол қойылған «Stadler» компаниясы мен «Қазақстан темір жолы» ҰК арасындағы ұзақ мерзімді инвестициялық келісімнің табысты іске асырылып жатқанын сөз етті.

Тағы бір айта кететін жайт, келіссөздер барысында қоғамда көп қозғау салынып жүрген қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеу және қайтару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық өкілдер тарапы Бреттон-Вудс институттары шеңберіндегі өзара іс-қимылды және Швейцария Конфедерациясының Алматы қаласындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдерінің әлеуетін дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының Өңірлік орталығын құрудағы жұмыстарына қолдау білдірді.

Тегтер: