Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Швейцария Путинді келіссөзге келсе, қамауға алмайтынын мәлімдеді

Путин
Фото: БАҚ

Елдің сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис Украинаға қатысты бейбіт келіссөздер Швейцарияда өтетін жағдайда, Ресей президентіне халықаралық ордер болғанына қарамастан қорғау берілетінін айтты.

Министрдің сөзінше, Путин елге жеке сапармен емес, бейбіт конференцияға қатысу үшін келетін болады.

Путин мен Зеленскийдің кездесу алаңдары ретінде Женева, Будапешт, Стамбул, Рим және Минск қарастырылып отыр.

Франция президенті Эммануэль Макрон бейбіт саммитті Женевада өткізуді ұсынды: 

«Саммитті бейтарап ел ұйымдастыруы тиіс. Бұл Швейцария болуы мүмкін, мен Женевада өткізуді қолдаймын», - деді ол.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленский және Еуропа лидерлерімен өткен келіссөздерден кейін мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, алдымен Путин мен Зеленский жеке келіссөз өткізбек, содан соң үшжақты кездесу ұйымдастырылып, оған Трамптың өзі қатысады.
Reuters агенттігінің дерегінше, мұндай реттілікті Путиннің өзі ұсынған.

Келіссөздердің Венгрияда өту ықтималдығы халықаралық қауымдастықта түрлі реакция туғызуда. Кейбір сарапшылар мұны Мәскеудің дипломатиялық жеңісі деп бағалап отыр, себебі ЕО-ның толық қолдауына қарамастан, Путин келіссөзге “ыңғайлы” алаң таңдатуға қол жеткізді. Ал өзгелері Венгрияда кездесу өтсе де, бейбіт келісім ұзаққа созылмайды деп санайды. Өйткені, Путин уақытша бітімді әскери күшін толықтыру үшін пайдалануы мүмкін.