Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:42, 16 Тамыз 2024

Швейцарияда ресейлік миллиардер Керімовтың активтері бұғатталды

d
Фото: getty images

Швейцарияның Экономикалық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшылығы (SECO) ресейлік миллиардер және сенатор Сүлейман Керімовке қатысты 1,3 миллиард швейцариялық франк (шамамен 1,5 миллиард доллар) тұратын активтерге тыйым салды, деп жазады Currenttime.tv басылымы.

Алдын ала қамауға алу "ақшаны жылыстату және санкциялардан жалтару" ісінің бір бөлігі ретінде тағайындалды. Швейцарияның федералды прокуратурасы тергеуді 2023 жылдың қараша айынан бастап жүргізіп жатыр және төрт адам күдікті деп танылған. Люцерн, Зуг және Нидвальден кантондарындағы сегіз учаскеде іздеу жұмыстары жүргізілді.

SECO мәліметтері бойынша, Ресейге қарсы салынған санкциялар нәтижесінде Швейцарияда бұғатталған активтердің жалпы құны 7,1 миллиард швейцар франкін (1,9 миллиард доллар) құрады. Сонымен қатар, ЕО және Швейцария санкцияларына ұшыраған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі 17 жылжымайтын мүлік, қымбат көліктер мен өнер туындылары тәркіленді.

Айта кетейік, Сүлейман Керімов – миллиардер, Ресей мемлекеттік Думасына екі рет сайланған. 2008 жылдан бері Дағыстан Республикасының Федерация Кеңесіндегі өкілі. Forbes оның байлығын 10,7 миллиард долларға бағалайды. Ол 2018 жылдан бері АҚШ санкцияларына іліккен, ал 2022 жылдың наурызында ЕО санкцияларының астында қалды. 2022 жылдың қараша айының ортасында Америка Құрама Штаттары оның әйелі Фирузаға, қыздары Амина мен Гүлнарға және ұлы Саидке қарсы санкция салды.

2022 жылдың сәуірінде Керімовке тиесілі делген Amadea суперяхтасы қамауға алынды. Оның құны 325 миллион долларға бағаланады. Сол жылдың қараша айында Франция прокуратурасы оның қызы Гүлнәр Керимоваға қатысты тергеуді бастағаны хабарланған болатын. Тергеушілер Керимованың Кот-д'Азурдағы миллиардерлер шығанағында төрт вилласы бар компанияларды қалай сатып алғанын анықтамақ болған.