Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:37, 28 Шілде 2023

Шыбындар ұшып, жағымсыз иіс шықты. Ақтөбеде пәтерден анасы мен баласының денесі табылды

None
None

Ақтөбедегі 8-ші шағын аудандағы көпқабатты үйде көршілер жағымсыз иіс сезіп, полицияға жүгінді, деп жазады Diapazon.  Пәтерден 75 жастағы қария мен оның 44 жастағы ұлының денесі табылды.

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

«23 шілдеде Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды, ешқандай зорлық-зомбылықпен өлім белгілері байқалмады. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.

Анықталғандай, пәтер иесі мұғалім болып жұмыс істейді, ол науқас, жалғыз тұратын, оған баласы барған.

»Шыбындар ұша бастағанда полиция шақырдық, қатты иіс шықты, – дейді көршілер. 

Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояу іздері бар, саусақ іздерін алған көрінеді. Ал көршілері бұл пәтерге дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.

Тегтер: