Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:46, 16 Маусым 2022

Шыда, қазақ жемқоры. Шыдай тұршы...

None
None

Жә, бұл да бір қызық-қызық, һәм қазақ халқына пайдалы бәсеке болуы мүмкін. Елімізде жаңадан құрылған үш облыс, су жаңа әкімі тағайындалған Алматы облысы бар.

Ендеше, енді сол әкімдіктердің қайсысы бірінші болып, жемқорлық жасар екен? Немесе бюджет қаражатын талан-тараж ету мақсатында заң бұзушылыққа қайсысы бұрын жол беріп қояр екен?

Көрейік, ә?

Әттең, халқы тегіс бақуатты, қоғамы әділетті, заңдары дұрыс, сайлауы таза мемлекетте мұндай сауал мүлдем туындамас та еді. Бірақ біздің Қазақстанымызда осындай сауал көпшіліктің көкейінде сап ете қалады.

Жалпы, жаңа әкімдіктер үшін бұл өзі жақсы жарыс болар еді.

«Біз мына жемқорлығымызды әзір жасамай тұра тұрайық. Алдымен, ана облыстың басшылығы шалыс басқанын күтейік» десе, ә? Жемқорлығымен масқара болып, баспасөз беттерінде біздің әкімнің емес, анау әкімнің жаман аты шықсын, деп.

Кім жаман атты болғысы келеді? Содан төрт жаңа әкімдік бір-бірінің аңысын аңдып, тек адал жұмыс атқарып, жемқорлық жасаудан тартынып, біраз уақыт шыдай тұрса, ә?

Қазақ халқы үшін бұл өте жақсы болар еді. Кім білген, қазақтың мекемелері мен мемлекеттік органдары осылайша, жемқорлықпен айналыспай, Қазақстанды, әзірге, тонамай, өзін тежеп, шыдай тұруға да үйренер...

Тегтер: