Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:12, 19 Желтоқсан 2022

Шығыс Қазақстанда әкесі ұлын мылтықпен атып өлтіріп, одан соң өзіне қол жұмсаған

None
None

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы полиция бөлімімен Қабырға ауылындағы үйде зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйітінің табылу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (Адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталғанын хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ жарақатын салған, одан ұлы қайтыс болған, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1- бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Тегтер: