Шығыс Қазақстанда қауіпсіздік шараларын креативті түрде түсіндіреді
Шығыс Қазақстан облысыныңқұтқарушылары өз жұмыстарында әдеттен тысғ креативті әдісті қолданатын көрінеді.
Азаматтарды үй ішінде, теңізде және жерде қауіпсіздік ережелерін үйрету үшін су перілерінен Аяз атаға дейінгі түрлі бейнелерді киіп, профилактикалық жұмыстар жүргізеді екен. Қауіпсіздік туралы нұсқаулықтарды қызықты және есте қаларлық ету үшін құтқарушылар әртүрлі бейнелерді киіп, әрбір құтқару нұсқаулығы оқиға тақырыбына сәйкес келетін өз кейіпкерлерін іздейді.
Мәселен, бірнеше жылдан бері «Су перілерінің» күзгі де, қысқы да балық аулау маусымында балықшыларды қауіпсіздік ережелеріне үйретумен айналысып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, балықшылар синоптиктердің болжамына немқұрайлы қарап, боранды ауа райында балық аулауға шығып, тексерілмеген, ақауы бар қайықтарды пайдаланады.
Халықтың назарын қауіпсіздік ережелеріне аудару үшін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автобусты, кемені, шыршаны және манекенді «өрттеп», автокөлікті мұз астына «суға батырып», қысқы балық аулау орындарына рейдке «Балық» пен су перілерін жіберді және т.б. түрлі шараларды ұйымдастырған.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов:
— Біз жыл сайын рейдтер, үнпарақтар тарату, брифингтер, танымдық бейнероликтер көрсету арқылы ғана емес, азаматтарды тәрбиелеу мәселелерін шешуге тырысамыз, шығармашылық, кейде таң қалдыратын әдістерді көрсетеміз. сонымен қатар, біз зомби костюмдерінде жүреміз, ән айтамыз, бейнероликтер түсіреміз. Бір жолы зомби костюмдерімен де өрттер мен төтенше жағдайлар орын алатын нақты жағдайлар жасаған болатынбыз. Осыдан кейін ғана біздің тұрғындардан кейде стандартты болмаса да, нәтиже мен реакция байқала бастады. Ең бастысы, тұрғын үй мен адамдардың қауіпсіздігі үшін маңызды, мүлік пен өмірді сақтайтын нормалар мен ережелерді барлығына жеткізу.
Көмірқышқыл газының қауіптілігін нақты көрсету үшін құтқарушылар противогаз киіп, тұрғындардың үйлерін аралап шықты.
Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында көңіл-күйді көтеру үшін Аяз ата бейнесінде құтқарушылар тұрғындардың үйлеріне көмірқышқыл газының қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, заң бұзушылықпен жұмыс істейтін пештердің арнайы датчиктерін орнатып қайтқан. Сондай-ақ қыстың келуімен құтқарушылар қар көшкіні кезінде және мұзда өзін қалай ұстау керектігін және т.б. іс жүзінде көрсету мақсатында мектеп оқушыларына демонстрациялық жаттығулар көрсетті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйлерде пешті пайдалану ережелеріне ерекше мән берілетінін айтады. Оқиғалардың статистикасына сәйкес, дәл осы жағдай тұрғын үй секторындағы өрттердің жиі шығуына әкеледі. Өрт сөндіруші Аяз Ата анықтағанындай, үйлерде пештер көбінесе жарықтармен жұмыс істейді, мұржасы тазаланбайды. Сондықтан ол балалы отбасыларға, қарттарға және жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі жандарға көмірқышқыл газының детекторларын сыйға тартты. «Ақылды» құрылғылар үйдегі қауіпті газдың мөлшері нормадан асып кеткен бойда бұл туралы қатты дабыл беріп, дер кезінде ескертеді, түнгі уақытта қауіп төнер болса, үй иелерін де оятады. Көміртек тотығы түссіз, иіссіз және үй ішінде анықтау мүмкін емес. Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері көмірқышқыл газының әсерінен 11 адам зардап шексе, оның бесеуі балалар; 119 пеш өрті тіркелді.
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қауіпсіздік негіздерін оқытудағы шығармашылық белсенділік танытуда. «Зомби», «Қоян» және «Балықтан» кейін төтенше жағдайлар қызметкерлері биылғы жылы ең танымал кейіпкер — Чебурашканы пайдаланды. Чебурашка костюмін Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары бірнеше апта бойы дайындаған. Олар оны өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімімен қаруландырып дайындаған.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов неліктен Чебурашка таңдалғанын түсіндіріп өтті:
«Чебурашка мультфильмін 10,5 миллионнан астам көрермен тамашалаған, ал оны көргісі келетіндер саны артып келеді. Сондықтан біз осы кейіпкерді профилактика үшін алуды жөн көрдік. Оны ересектер де, балалар да таниды, жақсы көреді.
Алдымен Чебурашка киімін киген құтқарушылар балабақшаға барып, балаларға өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін айтып, төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйрету мақсатында фильмдегі құлақты кейіпкер балаларға арнап арнайы эстафета өткізді.
Содан кейін Чебурашка мұзға шығып, балықшыларға көктемгі мұздың қауіптілігі туралы нұсқау берді, оларға тәуекелге бармау, төтенше жағдайлар қызметінің нұсқаулығына сәйкес әрекет ету туралы ұсыныстармен арнайы кеңестер берді.