Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
04:44, 02 Қараша 2020

Шығыс Қазақстаннан жолаушылар ПТР- анықтамасыз ұшаққа да, вагонға да отырғызылмайды

None
None

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов ПТР-анықтамасы жоқ Шығыс Қазақстаннан Қазақстанның басқа аймақтарына ішкі бағыттар бойынша шыққан әуе және теміржол тасымалы жолаушыларының қауіптілігіне байланысты пікір білдірді.

 

Биылғы жылдың 2 қарашасынан бастап Қазақстанның басқа аймақтарына әуе немесе теміржол көлігімен сапар шегетін Шығыс Қазақстан облысының жолаушыларынан COVID-19-ды жоққа шығаратын ПТР-анықтамасы болуы талап етіледі.

ПТР-анықтама берілген күннен бастап 3 күнге ғана жарамды.

Бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Ұшаққа немесе вагонға ​​ШҚО-дан басқа аймақтарға баратын жолаушылар ПТР-анықтамасы болған жағдайда ғана отырғызылады.

Шығыс Қазақстан облысынан (Өскемен Семей) Қазақстанның басқа аймақтарына қонған ұшақ жолаушылары әуежайда ПТР-анықтамасын көрсетіп түседі.

Сол сияқты, осындай тексеру жұмысы теміржол көлігінде де жүзеге асырылады.

Егер ПТР-анықтамасы жоқ жолаушылар анықталса, онда тасымалдаушыларға әкімшілік шаралар қолданылады, яғни 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Тегтер: