Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:29, 11 Сәуір 2022

Шығыста су тасқыны: ауыл тұрғындары эвакуацияланды

None
None

Үбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және кептеліс нәтижесінде құтқарушылар Речное ауылының тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлай «Жас Алаш».

 

9 сәуірде таңертең су көтеріліп, екі үй мен үш үй маңындағы аумақты су басты, 50-ден астам бас малды құтқарушылар қауіпсіз жерге көшірді, ал 16 тұрғынды, оның ішінде екі бала туыстарының үйлеріне орналастырды.

Жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар кептелістің пайда болу учаскесіне аэровизуалды мониторинг және тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша мұзды қопсыту мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

Барлығы 2347,5 келі жарылғыш заттар қолданылды. Жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 6067 шаршы метрді құрады. 20 сағат ішінде су деңгейі көтеріліп, үйлерге кіре бастады. Барлығы сегіз үй су астында қалды, оның алтауы тұрғын үй. Тұрғындар ШҚО ТЖД және ЖАО құтқарушыларының бақылауымен дереу үйлерінен көшірілді.ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

9-10 сәуір аралығындағы кезеңде барлығы 36 тұрғын, оның ішінде 10 бала эвакуациядан кейін туыстарына орналастырылды. Мал қауіпсіз жерге шығарылды. Жергілікті атқарушы органдар қорғағыш жер үйіндісін салу бойынша жұмыстар жүргізді.Оқиға орнына ШҚО ТЖД жеке құрамының 69 қызметкері, екі жүзу құралы, 11 мотопомпа және сегіз техника, ЖАО-ның 20 қызметкері және сегіз техника жұмылдырылды

Тегтер: