Шығыстан нәр алған шайыр

Мұрат Шаймаран – бүгінгі Алашпоэзиясының аспанындағы жарық жұлдыздардың бірі. Бұл – талас тудырмайтыншындық.
Қашан да солай, біздегі нағыз жұлдыздар көбінде алдымен өздері биіккешығып алып, сосын барып көптің назарын аударады. Бірақ, Мұрат ақынның жайы сәлөзгешелеу. Ол туралы бүгінгі әңгімелердің көбі оның зау көкте қалай жарқырыптұрғаны жайында емес, қандай құдіреттің және нендей күштің оны соншама жарқынете алғаны хақында болып жатыр. Бұғандейін біраз жұрт ой-жорамалдарын ортаға салып үлгерді. Несі бар, көңілгеқонатын көшелі пікірлер. Дегенмен, біздің ойымызша, бәрі бірдей тура ондыққадәл тиіп жатқан жоқ. Барлығы тегіс нысананы таппай, қиыс кетті демегенімізбен, әйтеуірбірдеңе жетпейді де тұрады. Сосын соны өзіміз айтуға дәт еттік. Әрі осы тұс –ақынның елуге келіп жатқан елеулі шағы оны сонау студент кезінен білетін,жазған алғашқы өлеңдерінен бастап назарға алған оқырманы ретінде шығармаларынанбайқаған-түйгенімізді арыла ақтарудың таптырмайтын сәті болар деп ойладық.Сөйттік те, қолға қалам алдық.
Мұрат ақынды көп адамның қолыжетпейтін зау биікке шығарып, сол арадан соншама жарқыратып көрсете алғаннәрсе, әрине, біздің сан жылдық бақылаудан соң жасаған тұспалымыз бойынша,әуелі оның Құдай берген талантты. Бірақ, әңгімені осымен түйіндесек, бұнымызтым жалпылама сөз болып қалар еді. Себебі, талант деген негізінен ақынныңақындық қуатына байланысты айтылатын сөз. Шығармашылықтағы нақты бір айқынерекшелікті білдірмейді. Сондықтан да, бұл сөз ауыздан шыққан соң, ілі-шала «солқуатпен ол не істей алды?» – деген, ілеспе сұрақтың құлағы қылтияды. Міне, осысұраққа толық жауап бергенде барып, алдыңғы әншейін айта салған шығарып салмасөздей көрінген келте тұжырымның астарындағы терең мағына ашылып сала береді.Ал онда Мұрат ақын Құдай берген талант қуатының арқасында не істеді? Өлеңдеріненені дарытып, оны өзінде туада бар ерекшелікпен қалай ұштастыра білді?
Жауап беріп көрейік. Тұспалымыздұрыс шығып жатса, ғажап емес.
Біздің ойымызша, ақын, тұтасшығармашылығында демейік, белгілі бір кезеңдік ізденісінде біз көптен бері ойданшығарып, ұмыт қалдырған Шығысқа аса мұқият ден қойды. Білген адамға ол жақтаасыл қазына аса мол болатын. Және анау-мынау емес, рухқа шабатын, руханиқазына. Әрі-беріден соң өзіміз де сол кереметі бүгінде көмескі тартқан көнтері Шығыстыңбір бөлшегі едік. Жағрапиялық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да. Қараңызауыз әдебиетіңізге, қисса-дастан, ғашықтық жырларыңызға. Тұнып тұрған Шығысемес пе еді. Жер түбіндегі Ескендір Зұлқарнайын мен Рүстемді айтпағанда, ғашықтығынынажан жетпеген «Ләйлі-Мәжүн» мен «Жүсіп-Зылиқа» күндіз оқып, түнде жастаныпжататын айырылмас серігіміз емес пе еді кеше ғана?!
Өкінішке қарай, 19-ғасырдың басынанбастап (бәлкім, одан да ерте) біз үшін тарихтың желі кері бұрылып, батыстантұрды да, содан кейін бір сәт тыныс алдырмаған дүлей дауыл өзімізбен қоса,жаңағы таңғажайып мағриф – қазыналы Шығысыңызды, алыстатты деген жай сөз,түбірімен тұншықтырап, біржола ұмыттырып тынды. Әйтпесе, біз анау-мынау емес, әлемдетеңдесі жоқ туынды «Шахнаманың» өзін тұтасымен өз тілімізді жырлаған қазақболатынбыз!.. Ал қазір кімбіз?
Қанша көкейтесті болса да, бұл сұраққажауап беру біздің бүгінгі міндетімізге жатпайды. Екінші жағынан, ұзақтарихымыздың қилы-қилы кезеңдеріне жоғалтқандарымызды тізе берсек, сөзімізұзарып кетер, айналып Мұрат ақын тапқан оның өз Шығысына келейік. Алланыңқалауымен әлдеқалай ойына келген әлдебір жіп ұшынан жібермей ұстап, жоқ қарапжолға шыққан жас ақын сол Шығыстан біздің өлеңсөз өнерімізде әлдеқашан жоғалыптынған жүрек тебірентер Шығыс романтикасын қайта алып келіпті. Шығыс романтикасы!Есіңізге түскен болар, бұл баяғы хас сұлудың бір тал меңіне Самарқан менБұқараны жұптап, қосақтап беріп жіберетін асқақ леп емес пе! Ақылға симайтын жойдасызжомарттық. Шығыста ғана болатын өнердегі шырқау биік. Жан қалауы – жүрек зары.Батыстықтар мұны түсінбейді екен. Сірә, «шығыста махаббат жоқ, ғашықтық қанабар» – деген балаң байламдары осыдан туған болар. Десе дегендей-ақ, ойланатынсөз. Әйітпесе, есі дұрыс адам аң аулап айдалада жүргенде өмірі көрмегенбіреудің суретін көріп, есі кете ғашық болып, ақылдан адасар ма еді?! Және оны кейінат сабылтып жүріп іздеп тауып, сұлулығын көргенде, ғашықтығы одан сайынқабындап, махаббат отына әбден өртеніп, жар қылып алар ма еді?! Батыс үшін бұлақылға сыймас хикая болғанымен, біз үшін түк те емес, күнде куә болып жүрмесекте, қалыпты құбылыс. Өйткені, «Құсрау-Шырынды» оқығамыз ғой. Ал, қайыршының,тілемшінің, ел ақтаған диуананың сонау бас айланар биіктегі хан қызына ғашықболуы деген жай әңгіме, үйреншікті жағдай. Өйткені, бұл Шығыс жырларындағы бастақырыптардың бірі. Күйік отына өртенген бейшара дәруіштің халі. Шығысғашықтығындағы тағы бір қызық нәрсе – ғашық болған мұңлық үшін өз жүрегінөртеген «күйігі» «дерті» ғана қызық. Ал ғашық болған адамының жайы, ол өзінбіле ме, білмей ме, сүйе ме, сүймей ме, онда жұмысы болмайды, «Ләйлісін» айтып,ішкі «күйігінің» дауасын іздеп тентіреп, басы ауған жаққа кете береді. Мұныңсебебі осы ғажап жырларды жазғандардың көбінің сопы болғанында жатқан болукерек. Несі бар, сопының қолынан осындай ғажайыптар келіп жатса, кім оның қолынанқаламын тартып алмақ!
Шығыс сопысы былай дейді,тыңдаңыз!
Мен бір дәруіш, үрей кеулеп,билеп алған кеудені,
Сорлы жүрек бөденедей қорғалайдыәр нені.
Қорқамын өз жүрегімнен,талшыбықтай қалтырап,
Менің жаным – қиғаш қасты бірсайқалдың ермегі.
Ойым менің мұхиттарды орап жатсамдейді ғой,
Бірақ, өзі – тамшы ғана, гүлшығындай шөлдегі.
Нұр шұғылалы кірпіктер-ай,тынышымды ап біттіңдер,
Көздеріңде тұр-ау жайнап өмірдіңбар өрнегі!
Дерт дәруі – тауіптердің алақаныаялар,
Тым болмаса, сипаңдаршы қоржүректі мендегі.
Кінәлімін, қиналамын, тірлігімненұялам, –
Шарапхана есігінде зар илегенкөр, мені!
Дәруіш өзің, көп ойлама мынау жалғандүниені,
Хызыр менен Іскендір де одан опакөрмеді!
Ей, Хафизым, еңрей берме,ғашығыңа қолың соз,
Қарынбай да көре алмаған бұл қазынанысендегі!
Шамалап біліп отырғандарыңыздай, бұл белгілі Ширазбұлбұлы – Хафиз ақын.
Шыбын жаны әлдебір қиғаш қасты сайқалдың ермегінеайналған ғашық. Шарасыз ғаріп. Қаңғыған дәруіш.
Асыл затым, менің зарым жан-діліңежетер ме?
Бір Алла үшін қуа көрме, мен біржүрген әпенде!
Жалынамын: рахым айлап, жарылқашысорлыңды,
Ағып түскен бақ жұлдызын өзқолыңмен көтер де.
Кірпігіңді қағып қалып, жазалауғабелгі еттің,
Сәл сабыр қыл, кейін өзіңөкінбеске бекерге!
Өз жаныңды өртеп тұр ғоймахаббаттың нұр күні,
Сол шұғыла жүрегімді бір жылытпайөтем бе?!
Көз ілдірмей түнді өткерем, таңсамалы әкелер,
Сағындырған дос хабарын, – сонымедет етем де!
О, асық жар! Өмірімнің кілтіжалғыз өзіңде, –
Бар тілегім: дидарыңды тезкөрсетсең екен де!
Ғашықтардың құрметі үшін, мұң-зарыүшін солардың,
Бал кесеңнен бір татырсаң, төбемкөкке жетер де!
Бұл да сол ғазалы хан көкіреген қарс айырған – Хафиз шайыр. Дүниедебар-жоғы белгісіз бір әйел затына өле ынтық ынтызар Мұңлық. Сонысымен елдің де қабырғасынқайымтырып біткен қайғысы тарқамас Зарлық. Ары қарай тағы зарлайды. Тыңдаңыз!
Бір құмарлық жүрегімді мекендеп,Қалтыраған буынымды бекемдеп,Жұлдыз жанған терезеңнің тұсынанМұңға батып өтем мен.
Аласұрған алпыс екі тамырым,Аққан қан ба, өзен бе әлде,Тәңірім!Жыртық шекпен иығымды тұр бысып,жамау-жамау аяғымда шарығым.
Келе жатқан жаңа көктеп, бүржарып,Кім тыңдайды қайыршының мұң-зарын?!Әйнегінен қарайсың сен тым асқақ,Мені жасқап, гүлзәрім.
О, дәриғ-ай, сен жалындап, мен сөнбей,Сенің мені сүйгеніңе ел сенбей,Сарайыңнан алып қашып, мен сағанТау басынан лашық жасап берсем ғой.Асыл-асыл торғын жапқан тәніңді,Жасыл-жасыл жапырақпен көмсем ғой…
Шатыстырып алмаңыз, бұл заржағыңыз Шираздың Ғафизі емес, өзіміздіңМұрат шайыр. «Мен» болып, Шығыс шайырларынша қайыршы бейнесінде көрінеді«Қайыршының арманы» деген өлеңінде. Аңсағаны – ханы қызы болмаса да, соныңмаңайындағы біреу. Терезеден тым асқақ қарайды өзі. Соған қарағанда, теңі емессылқым. Оны есепке алып жатқан ешкім жоқ, «сарайыңнан алып қашып кеткеніме елсенбей» – дейді. Кеудесі бұл жерде жоқ. «Тау басынан лашық жасап берсем ғой...» –дейді. «Асыл-асыл торғын жапқан тәніңді, Жасыл-жасыл жапырақпен көмсем ғой…»дейді әліне қарамай асқақтап. Халі қайыршы болғанмен, дәмесі тау басына өрлегенпақыр. Бойындағы біз білмейтін бір нәрсеге сенеді. Соның буымен дәруіш болып елақтап жүрген шығыстық біреу.
(Тамұһдүние, даңғазаңда ісім не!?)Сен биледің өткінші өмір үшін де.Алды жаулап алқызыл сол ақшамдыБалғын тәнің ескі көйлек ішінде.
Жанарыңдыжасырғанмен кірпігің,Табар емес асау жүрек бір тыным.Сен биледің, Айдың уыз сәулесіТұрды жамап иығыңның жыртығын.
Сен –жалынсың.(даладағы от қандай!?)Көңіл біткен ала қашар көкпардай.Аққу – мойын, ақ кұмістей арқаңнанБұрым емес, бұлақ құлап жатқандай.
Есінеалып жасыл – жаһұт дәуірін,Отырды ақын қаны – салқын, жаны – мұң.Сыңғыр-сыңғыр сенің шолпыларыңнанҚалды көріп шолпан жұлдыз жарығын.
Сенкөктемсің аласата гүлдеген,Сен өктемсің аласара білмеген.Отырды ақын шарап ішіп, у ішіп,Суретіңді салғысы кеп жырменен.
Охо,ғазиз сұлулықтың дастаны,Махаббаттан ұғынбайтын басқаны.Ал, адамдар сенің әсемдігіңдіКөздерімен шешіндіре бастады.
Бауда сенің тұрған балқып бал-нұрың,Биле, биле! Менің кәйіп тағдырым.Анау тентек табаныңмен таптап өтАрам-арам пиғылдардың барлығын.
Бұл да – Мұрат ақын. Шығыс шайырларының ғажап жырларынанжарық сәуле ғана емес, мағриф ғашықтарының өмір-ғұмырға жеткендей терең, мөлдір,асқақ сезімдерінен нәр алып, оны шырайына келтіре айтудың өзіне тән шыт жаңа жолынтапқан, сол арқылы шығанға бет алған Мұрат шайыр. Алдыңғы өлеңдегідей емес, бұлөлеңде қазақы бояу бар. Дегенмен, үлгі – Шығыстікі.
Бір кезде Абай атаңыз да жырламаппа еді былай деп:
Иузи – раушан, көзі гәуһарЛағилдек бет үші әхмар,Тамағы қардан әм биһтарҚашың құдрәт қол шиғә,Өзәң гузәллаәра раһбар,Сәңә ғашиқ болып кәмтар,Сүләйман, Яшмит, ИскәндәрАла алмас барша мүлкигә.Мүбадә олса ол бір кәз,Тамаша қылса йузмә-йузКетіп қуат, йұмылып көз,Бойың сал-сал бола нигә?
Міне, заманында «бас ақыныңыз» өзі сүйіп, ары қарай жалғағысы келген, бірақ,содан кейін ғайып боп, қайта көзге түспей кеткен Шығыстың асыл жаухары. Ендісоны Мұрат ақын өзгеше форматта, өз бояу аямай беріп, өзімізге қайта ұсыныпты.
Өлеңдеріне қатты сүйінгеннен шығар, біз қатты қуандық. Әр кім әліне қарайөзінің әуелгі болмысын іздеп жатқан заман ғой, есті ұл Ежелгі Шығыс алатыненшісін тауып жатса, неге қуанбасқа. Өйткені, ол өз Шығысымыз ғой. Сәттілік болғай.
Басқалай бір түсінбестік тумас үшін қайталап айтамыз, бұл Мұрат шайырдыңбойында бар немесе оны қазақ позиясының көгіне алып шығып, жарқыратып көрсеткенжалғыз қасиет емес. Дегенмен, басты ерекшеліктерінің бірі екенінде дау жоқ.Міне, осы артық қасиеттер жиыла келе, жұмыла көтеруінің арқасында Мұрат ақынбүгінде шыққан өз биігінде нық басып тұр. Бұл елуге жарасатын жарқын нәтиже.Амандық болса, ақынның алдағы уақытта да қарап қалмайтынына сенім мол!
Серік Нұғыман