Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:00, 11 Наурыз 2021

«Шымбұлақ» шаңғы тебуді тегін үйретеді

None
None

Осы күндері «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында дәл фристайл мен шаңғы акробатикасынан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Бұл дода аясында курорттағы тіршілік қайнап жататыны сөзсіз. Бірақ, соған қарамастан дәл жарыс өтіп жатқан қарсаңда «Шымбұлақ» пен Ұлттық шаңғы Ассоциациясы аз қамтылған отбасынан шыққан және ерекше есептегі балаларға арналған қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл тегін оқу-жаттығудың «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалардың дамыту қорының әлеуметтік акцияларының бастауы болғанын айта кету керек.

Қайырымдылық шара барысында 30-дан аса бала алғаш рет шаңғы теуіп көріп, курорт тағайындаған арнайы мамандар тобынан шаңғы спорты туралы тәжірибелік-терориялық тұрғыда ақыл-кеңес алып, жаттығу жасауға мүмкіндік алды.

 ««Samruk-Kazyna Trust» қорының бірқатар әлеуметтік жобалар өткізбек. Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды Медеу-Шымбұлақ шатқалына апарып, оларға шаңғы тебуді үйрететін тегін жаттықтырушылар тобын құрдық. Бұл ерекше есептегі балалардың шаңғы және соноуборд теуіп үйренуіне мүмкіндік береді», — дейді ҚР Ұлттық шаңғы Ассоциасиясының төрағасы Асқар Уәлиев.

Бұл жобаға қатысуға тіркеуде тұрған балалар қатыса алады. Жобаға қатысу үшін «Шымбұлақ» ТШК әкімшілігіне хат жазып, тіркелуге тиіс. Хатта шатқалды аралап, демалып қайтатындардың немесе шеберлік сабағына қатысқысы келетін балалардың тізімін ұсынылады. Одан ары балалардың қалауы бойынша арнайы мамандар тобы жұмыс істейді.

Жалпы, тау-шаңғы спорты қымбат спорт түрлеріне жатады. Әр күн, апта сайын тауға барып, шаңғы тебуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Ал, шаңғыны арнайы мамандардан үйренудің бағасы тіпті қымбат. Сондықтан, бұл жолы «Шымбұлақ» шатқалына барған балалардың көпшілігі шаңғыны алғаш рет теуіп көргендерін айтып жатты. Тіпті, мұндай курортқа алғаш барып тұрғандары қаншама.

«Көп балаларда «Шымбұлаққа» баруға мүмкіндік бола бермейді, ешқашан шаңғы ұстап көрмеген балалар үшін мұның бәрі жаңалық. Екі баланың анасы ретінде, біздің Алматыда осындай жан-жақты жоба пайда болғанын айтқым келеді. Балалардың тау-шаңғысын тебуді үйренуге мүмкіндік сыйлаған, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Мынадай жерде болып, спорт арқылы бас қосу керемет қой. Үлкен рахмет бәрі үшін», — дейді ол. 

Бұл шараның «Қайырымдылық марафоны» ұлттық жобасы аясында өтіп жатқанын айта кету керек.

Тегтер: