Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:01, 18 Қыркүйек 2020

Шымкент қысқа 90 пайыз әзір

None
None

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.

Қалада 1 896 көп қабатты үй бар. Соның 90 пайыздан астамы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде.

Қала әкімі алдымен әкімшілік-іскерлік орталықтағы жылу қазандығына барды. 2015 жылы іске қосылған қазандық 1124 шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда мол жылу бере алатын BOSCH LOOS UT-HZ пештері орнатылған. Мұндағы отынның негізгі түрі — табиғи газ. Қазандықтың ең жоғарғы қуаттылығы — сағатына 163.5 Гкал. Ол көпқабатты 78 тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратқа жылу береді.

Мұнан кейін қала әкімі шаһардың оңтүстік бөлігіне жылу беретін «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамына қарасты қазандыққа ат басын тіреді. Бұл компанияның иелігінде 11,7 шақырым магистралды жылу құбырлары бар. Қазір қазандықта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымына дайындық 1 қазанға дейін толықтай аяқталады.

Сондай-ақ, қала әкімі Сайрам тұрғын алабында орналасқан халықты көмірмен қаматамасыз ететін базаның жұмысымен де танысты.

Жалпы, қалаға жылу 11 қазандық пен 1 жылу-электр станциясынан беріледі. Айта кету керек, қазір барлық 11 қазандық жөндеуден өтті. 17 сорғы станциясының 15-і  дайын. Қалған 2 станцияда жұмыс 25 қыркүйекке дейін аяқталады.

Нысандардың жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты азаматтарға белгіленген мерзімде тұрғындарды сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз етуді тапсырды.

Тегтер: