Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 26 Мамыр 2022

Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі

None
None

Биыл Шымкенттің мектептерін 11 189 түлек бітіріп жатыр. Кешегі күні үшінші мегаполистің білім ұяларында соңғы қоңырау үні сыңғырлады.

Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов осы күні шаһарда салынып жатқан «Alan» халықаралық мектебінің құрылысымен танысты.  

Білім беру мекемесінің директоры Д.Пірмағанбеттің айтуынша, «Alan» халықаралық мектебінің (AIS) заманауи кампусы оқушыларға жайлылық сыйлап, еш алаңсыз білім алуын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мектепті «Отау-Строй» ЖШС салып жатыр. Аумағы 1,8 гектарды алатын мектепте болашақта 840-қа дейін оқушы білім нәрімен сусындайды. Мұнда 60 оқу кабинеті болады. Кабинеттер толықтай соңғы үлгіде жабдықталады. Оқушыға білім алуға қажетті барлық құралдар ұсынылады. «Отау-Строй» ЖШС басшысы Аслан Әлімбектің айтуынша, мектеп биыл қыркүйекте пайдалануға беріледі.

Білім күнінде алғашқы шәкірттеріне қабылдау үшін құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Қала әкіміне бастауыш сынып оқушылары білім алатын блок жұмысы таныстырылды. Директордың айтуынша, бір сыныпта оқитын балалардың саны 20-дан аспайды. Өз кезегінде мұғалім әр баламен тығыз жұмыс істей алады. Оқушылар таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін мектеп қабырғасында болады. Оларға 3 мезгіл құнарлы тамақ беріледі. Тамақ диетолог кеңесімен барлық талапқа сәйкес беріледі. 

Қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Мектеп маңына арнайы рұқсатсыз ешкім кіре алмайды. Күзеті бөлімі бәрін бақылауда ұстайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының өмірі үшін алаңдамаса болады.    – Оқушылар бос уақытын тиімді пайдалану керек. Сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге қатысып білімін шыңдағаны жөн. Барлық үйірмелер мектеп ішінде болғаны өте тиімді. Оқушы уақыт жоғалтпайды. Мектеп өз оқушыларына білім алуына барлық мүмкіндікті жасап беруі керек. Бүгінгі білімді оқушы – біздің ертеңгі мақтанышымыз, болашағымыз, — деді қала әкімі. Қала басшысына «Alan» мектебіндегі білім беру жүйесі түсіндірілді. Мектепте STEAM, PBL, CLIL, ТРИЗ секілді оқытудың заманауи әдістері мен жүйелері енгізілген.

Осы арқылы бала заман ағымынан қалып кетпей әрқашан соңғы трендтегі жаңалықтардан хабардар жүреді. Олар академиялық білім алудан бөлек, түрлі үйірмелерге қатысу арқылы спорттық-шығармашылық қабілетін шыңдай алады.  Әлемдік білім берудегі негізгі трендтердің бірі – STEAM білім беру төрт академиялық облысты (science, technology, engineering and mathematics) біріктірген. STEAM білім беру негізінде-пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдана отырып, оқушыларды оқыту идеясы. Әрбір бес пәнді жеке оқытудың орнына, бұл тәсіл оларды оқытудың бірыңғай схемасына біріктіреді. Бұл мектептен тыс мектепте жобалық және оқу-зерттеу қызметін жүзеге асыру бағыттарының бірі.Ал PBL – бұл оқу жоспарына сәйкес тьютор-тәрбиеші қадағалайтын, студентке, оқушыға бағытталған тәсіл, ол шәкірттерді теория мен практиканы біріктіре алатын зерттеу жүргізуге бейімдейтін және өмірдегі белгілі бір проблеманы шеше алатын білім беру мен соған орай дағды қалыптастыруды жүзеге асыруға тырысады. «CLIL» – ағылшын тілінде Content and Language Integrated Learning немесе пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі, пәндерді екінші не үшінші /қазақ, орыс, не ағылшын/ тілде оқыту деп қарастыруға болады. 

Сонымен қатар мектепте оқушының сыни ойлау қабілетін дамытуға барынша көңіл бөлінеді. «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды клубы, дебат клубы және көшбасшылық мектебі баланың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Олар мұнда физикалық-эмоциялық тұрғыда жағымды әсерге бөленіп өмірге деген құштарлығы мен құлшынысы жоғары деңгейге шығады. Нәтижесінде AIS түлектері білімді, өнерлі, бәсекеге қабілетті болып, қоғамда өз орнын тез айқындайтын болады

Тегтер: