Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:57, 07 Маусым 2021

Шымкентте дауыл тұрып, сегіз көпқабатты үйдің шатыры қирады

None
None

Шымкентте қатты желден ағаштар құлап, сегіз көпқабатты үй мен төрт жеке тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

«Салдарынан Абай ауданында бір коммерциялық нысанның, әл-Фараби ауданында бір бес қабатты үйдің, Еңбекші ауданында төрт бес қабатты үйдің, Қаратау ауданында бір бес қабатты үйдің шатыры ұшып түсті», — деп хабарлайды Шымкент ТЖД өкілдері.

Сонымен қатар, Қаратау және Еңбекші аудандарындағы төрт жеке үйде шатыр бұзылды.

Сондай-ақ, ағаштардың құлауынан және үйлердің шатырының қирауынан сегіз автомобиль зардап шеккені белгілі.

Желдің екпіні сағат 18.25-тен 18.36-ға дейін секундына 15-тен 28 метрге дейін болды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД мәліметінше, қазір жағдай тұрақты.

Бұған дейін Шымкентте дауыл 1 маусымда болған. Сол кезде қала бойынша үш коммерциялық нысанның, бес көпқабатты тұрғын үйдің, екі білім беру нысанының шатыры бұзылып, олар көліктерге, ғимараттарға құлаған.

Тегтер: