07:59, 01 Тамыз 2020
Шымкентте карантин екі аптаға ұзартылды

Шымкенттің бас санитардәрігері Әбдіманап Төлебаев қала бойынша карантинді 3-17 тамыз аралығына дейінұзарту туралы қаулыға қол қойды,
Қала тұрғындарына кез келгенауқымды іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынады.
Үйден шыққан кезде тұрғындар үшадамға дейін серуендеу кезінде маска тағу және кемінде екі метр әлеуметтікқашықтықты сақтауға байланысты міндетті талаптарды сақтауы қажет.
Жұмысқа бару және қайту, есікалдында және саябақта, скверлер мен жағалауда үш адамнан артық жиналуғаболмайды.
65 жастан асқандар үшін қаладажәне қоғамдық орындарда жүріп-тұру аталған кезеңде шектеледі.
Азық-түлік базарлары жұмыскүндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, ал азық-түлік емес базарлар 06:00-ден13:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.