16:11, 12 Қыркүйек 2020
Шымкентте көше спорты дамып келеді
Шымкентте «Street Workout» көше спорты қарқынды дамып келеді.
Таяуда Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және «13 Legion» ұйымы бірлесіп «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын өткізді.
Ұйымдастырушылар шеберлік сағаты жастарды бұқаралық спортқа баулуға, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді деп есептейді.
Іс-шара барысында жергілікті жастар аталған спорт түріне қызығушылық танытты. Мұндай шеберлік сағаттары қаланың барлық аумағында өткізіледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, қалада 27 Street-workout алаңы салынған.